Шымкентте кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны 50 пайызға төмендеген. Ұрлық пен қоғамдық тәртіпті бұзу деректері сиреген. Әсіресе Әл-Фараби ауданында оң динамика байқалады. Бұған жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған жобалар себеп болып отыр.
«STOP-RISK» жобасы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған. Бастама «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуге негізделген.
АНАР АМАНҚҰЛОВА, №1 А.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ
2026 жылдың қаңтарынан бастап Әл-Фараби аудандық прокуратурасымен меморандум жасалды. Соның аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүйелі түрде өткізілуде.
Оқушылар сот процесін сахналық қойылым арқылы көрсетіп, прокурор, адвокат, судья рөлдерін сомдады. Бұл тәсіл жасөспірімдердің құқықтық түсінігін арттыруға мүмкіндік береді.
СӘБИТ ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Кездесу барысында олар сот процесін тәрбиелік форматта көрсетті. Белсенді қатысқандар марапатталды.
Айта кетейік, аудан бойынша жасөспірімдер қылмысы 50 пайызға азайған. Негізгі құқықбұзушылықтар интернет алаяқтық, ұрлық және қоғамдық тәртіпті бұзу деректеріне қатысты.