Шымкентте оқу жылының аяқталуына байланысты оқушылардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды ұйымдастыру шаралары пысықталды. Баспасөз мәслихатында балалардың жазғы каникул уақытын тиімді өткізуі мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


Жиын барысында білім басқармасының өкілдері биылғы жазғы лагерьлердің дайындығы мен мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарының жұмысына тоқталды. Мамандардың айтуынша, каникул кезінде оқушылар тек демалып қана қоймай, интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда дамуға мүмкіндік алады.


ГҮЛНАР ДӘРІБАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
2025-2026 оқу жылының аяқталуы 25 мамырда аттестат табыстау рәсімімен аяқталады.шымкентте 91 білім беру орталықпен 1255 оқушы бар.


Сонымен қатар балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары да күшейтіледі. Полиция департаменті соңғы қоңырау күні мен жазғы демалыс кезеңінде күшейтілген режимде жұмыс істемек. Құқық қорғаушылар заңсыз кортеждер мен түнгі уақытта жастар жиналатын орындарға рейдтік тексерістер жүргізілетінін хабарлады.


ДАНАБАЙ ӘЛИЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 жалпы балалардың қауіпсіздігі өмірлерін сақтау полиция мамандарының жұмысы болып келеді.Соңғыт қоңырау мәселесі бойына күні кеше қала әкімі орынбасырыменг жиын өтті


Мамандардың айтуынша, бұл шаралардың барлығы балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Жауаптылар ата-аналарды балалардың демалысын бақылауда ұстап, жазғы кезеңді қауіпсіз өткізуге шақырады.