Грекияның Коринф қаласында өткен «Open International Championship 2026» халықаралық робототехника чемпионатында ІІ орын иеленген қазығұрттық жасөспірімдер елге оралды. Әлемнің 56 елінен жиналған мықтылар арасында топ жарған оқушыларды жерлестері зор қошеметпен қарсы алды.


Бұл жеңіс – тек ауданның емес, тұтас елдің абыройы. АҚШ, Жапония, Германия, Қытай сынды алпауыт мемлекеттердің командаларымен бәсекеге түскен жас инженерлер өз жобаларын жоғары деңгейде қорғап шыққан.


НҰРСҰЛТАН ҮСТЕНОВ, ЖЕТЕКШІ
«Qazygurt» командасын ерекше құрметпен қарсы алды. Ел мерейін асқақтатқан жас чемпиондарды аудан әкімінің орынбасары Мұхаммедғали Әшірбаев құттықтап, аудан әкімінің Алғыс хаты мен 500 мың теңгелік сертификат табыстады.


 Халықаралық додаға дайындық бір жылға жуық уақытқа созылған. Жас өнертапқыштар күнделікті ізденіп, инновациялық жобаларын жетілдіріп отырған. Нәтижесінде Қазақстан намысын абыроймен қорғап, күміс жүлдеге қол жеткізді.


АЙБЕК ЕРКЕБҰЛАН, «QAZYGURT» КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Біз инновациялық жобамызды таныстырып, өз миссиямызды толық орындадық. Негізгі мақсатымыз – жеңіс тұғырынан көріну еді.


Қазығұрттық оқушылардың бұл жетістігі – жастардың ғылым мен технологияға қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Жас чемпиондардың жеңісі аудан жастарына үлкен мотивация болды.