Шымкентте биыл мыңдаған отбасының баспана арманы орындалмақ. Жыл соңына дейін мегаполисте 6 мыңнан астам пәтер иелеріне табысталады.


Қалада тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 6 мың 551 пәтер пайдалануға беріледі. Оның ішінде 1 мыңнан астамы жалдамалы болса, 3 мыңнан астамы несиелік тұрғын үй. Қазірдің өзінде 1 мың 733 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес отбасылар, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, жетім балалар мен бюджет саласының қызметкерлері бар. Жауаптылардың айтуынша, енді жыл соңына дейін тағы 4 мыңнан астам пәтер өз иесін табады. Бұл – мыңдаған отбасы үшін жаңа өмірдің бастамасы.


 КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Азаматтарды баспанамен қамту – басты міндеттердің бірі. Жыл басынан бері көптеген отбасыға пәтер кілттерін табыстадық. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.