Шымкентте есірткі таратты деген күдікке ілінген Петропавл қаласының тұрғыны ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша күдікті Шымкент қаласына сәуір айының соңында келген. Ізін жасыру мақсатында жалдамалы пәтерлерді жиі ауыстырып отырған.


 Ал «курьерлік жұмыс» туралы хабарландыруды интернет сайттарының бірінен тапқан. Ол есірткі заттарын жасырын орындарға қалдырып, мекенжайды мессенджер арқылы жіберіп отырған. Тінту кезінде ұсталған азаматтан жалпы салмағы 75 грамм мефедрон табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеп-тексеру жүргізілуде.