Шымкентте қала әкімі бірқатар жол және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты. Жұмыс сапасы мен мерзімдердің сақталуы басты назарда болды.


Әуелі Азат және Өтеміс шағынаудандарындағы жол жөндеу жұмыстары тексерілді. Мұнда көшелерге асфальт төселіп, Текесу көшесінде күтіп ұстау жұмыстары жүріп жатыр. Қала әкімі мердігерлерге сапаны күшейтіп, жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды. Кейін №121 мектеп жанынан салынып жатқан 150 орындық қосымша ғимарат қаралды. Жоба жаңа оқу жылына дейін аяқталуы тиіс. Бұл оқушы орын тапшылығын азайтады. Сондай-ақ Текесу тұрғын алабындағы Мәдениет үйінің құрылысы таныстырылды. Нысан демеуші қаржысына салынып жатыр. Мұнда алдағы уақытта түрлі мәдени шаралар өтпек. Аралау барысында Текесу су қоймасының жай-күйі де тексерілді. Сонымен қатар бірқатар көшелер қиылысындағы жол құрылысы мен өткел салу жобалары қаралды. Қала әкімі жауаптыларға абаттандыру жұмыстарын жедел аяқтап, жол қауіпсіздігін күшейту бағытында бағдаршам орнатуды тапсырды.