“Таза Қазақстан” акциясы Шымкенттегі бес бірдей аудан аумағында жалғасты. Сенбілікке қала тұрғындары мен коммуналдық мекеме қызметкерлері қатысып, аулаларды ретке келтірді. Қураған бұталар оталып, жол бойы тазаланды.


Эко-акцияға біркісідей белсенділік танытқан Тұран ауданының тұрғындары аулаларын ретке келтіріп, қоқыстан тазартты. Жол жиегін жинастырып, сарғайған шөптерді отады. Акцияға ақсақалдар да атсалысып, айналаны таза ұстауға шақырды.


ӘДІЛБЕК САТЫБАЛДЫҰЛЫ, ТҰРАН АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Тазалық шарасында аудандағы коммуналдық мекеме қызметкерлері бір-біріне көмекке келіп, апталық жұмысты бірер сағатта атқарып тастады. Қураған бұталарды қырқып, жасыл желектерге күтім жасады. Арық-атыздарды тазалап, көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында сарғайған шөптерді орды.


ДАРИХА РОМАНОВА, ТАЗАЛЫҚШЫ

“Таза Қазақстан ”акциясы қаладағы бес бірдей аудан аумағында, жалғасып, орталық көшелер мен аулалар тазартылды. Ағаштар әктеліп, көпқабатты үйлердің аумағы ретке келтірілді. Осылайша мұндай ауқымды жұмыстар бірліктің, жауапкершіліктің, патриотизмнің нақты дәлелі болып отыр.