Республика көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің «Әділ қоғам» жобасы аясында мәдени-ағартушылық бағыттағы бірегей платформасы таныстырылды.


Бұл жоба – жемқорлықпен күресте тек заңдық механизмдерге иек артпай, қоғамның рухани санасын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Жаңа платформа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және ақпарат министрілігі сондай-ақ, ЮНЕСКО жанындағы мәдениетті жақындастыру орталығымен бірлесіп жасаған. Аталған жоба адалдық пен әділеттілік қағидаттарын дәріптеуге, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталғаны анық. Сонымен қатар мәдени іс-шаралар мен ағартушылық бағдарламалар арқылы қоғамда парасатты мінез қалыптастыруды көздейді. Таныстырылым барысында сөз алған «Әділ қоғам» жобасының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі Анар Жаппарқұлова жемқорлықпен күресте халық ауыз әдебиетінің жауһарларын пайдалану тиімді әдіс деп есептейді. Жиын соңында қатысушылар жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің тетіктерін күшейтіп, ұлттық сана мен жауапкершілікті арттыру қажеттігін атап өтті.