Шымкенттік 40-тан астам мекеме қызметкері қаржы пирамидасының құрбаны болған. Олардың басым дені медицина саласы мен білім беру мекемелерінде қызмет атқаратындар. Бұл туралы экономиалық тергеп-тексеру департаменті өткізген ашық-есік күнінде мәлім болды.


Іс-шараға қала әкімдігі, денсаулық сақтау, білім басқармалары мен Шымкент магистральді темір жол, жастар ресурстық орталығының 50-ден аса қызметкері шақырылды. Онда келген қонақтарға елде үдеп тұрған лудомания, заңсыз ойын бизнесінің таралуы, интернет алаяқтық, дропперлік және қаржы пирамидаларының алдын алу жолдары айтылды. Сонымен қатар департаменттің осы бағыттардағы бұған дейін атқарылған жұмыстары презентация ретінде таныстырылды. Айта кетейік, қылмыстың алдын алу бойынша 100-ден аса мектептерде түсіндірме жұмыстары жүргізіліді.


НҰРСҰЛТАН ТҰРСЫМБЕТОВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ТАЛДАУ ӘЗІРЛЕМЕЛЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Мақсатымыз – қоғаммен ашық, әрі сенімді байланыс орнату және біздің күнделікті атқарлып жатқан жұмыстарымызбен таныстыру. Және заманауи технологияларды пайдалана отырып, превентивті қылмыстардың алдын алу болып табылады.