Балаңыз көгілдір экраннан қандай контент тамашалайды? Оның нені көріп, нендей тәрбие алып жатқанынан хабардарсыз ба? Мамандардың пайымдауынша жасөспірім өзіндік ұстанымдарын телефон мен теледидардан көрген фильм, анимацияларға қарап қалыптастырады. Сондықтан да оның сапалы, тәрбиелік мәні басым туынды көруі аса маңызды. Ұранды ойды негізге алған «Балапан» телеарнасы 15 жылдық мерейтой қарсаңында брендке айналған «Тоқты мен Серке» мультихикаясын үлкен экрандардан көрсетпек. Жаңа маусым жаңа кейіпкерлермен толысады. Бұл жолы үй маңынан ұзап көрмеген - Тоқты мен Серкеге Гектар атты алып ит қарсылық көрсетеді. Зұлым кейіпкер үй Тоқы мен Серкеге күш көрсетіп, ұрлап әкетеді. Оқиға желісі әрі қарай қалай өрбейді? Ізгілік зұлымдықты жеңе алады ма? Кинотеатрдан көріңіз!