Құқықтық кеңес «Достық» үйінде жалғасты. «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында құзырлы орган қызметкерлері қала тұрғындарының құқықтық сауалдарына жауап беріп, жеке қабылдау өткізді.
Келуішілер мәселесіне қарай тиісті мамандарға жүгініп, кеңес алды. Мәселен сіз алаяқтардың арбауына шырмалып, сан соқтыңыз. Мәслені қалай, қайда барып шешеріңізді білмейсіз бе? Ендеше халық заңгері акциясына қатысып сондағы мамандардан қажетті кеңес алуға мүмкіндігіңіз бар. Мамандар сіз көтерген түйіткілді жан-жақты зерттеп, толыққанды жауап береді.