Түркістан облысында соңғы жарты жылда 56 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Олардың 20 526-ы жұмысшы мамандық иелері екен. Биыл «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп, оның 63 пайызы екі қолға бір күрек тапқан. Осы және өзге де мәселелер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде кеңінен талқыланды.
Жиында алдымен «Халықты жұмыспен қамту шаралары және жаңа жұмыс орындарын құру» туралы Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндамасы тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, Президент бекіткен ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар аясында 375 инфрақұрылымдық жоба арқылы 4 074 жұмыс орнын ашу көзделіп, 6 айда 1708 жұмыс орнын құру жоспарланған.
ӘСИЯ ТЕМІРБАЕВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі таңда 125 инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 2004 жұмыс орны ашулыу межеленген. Оның ішінде 1050 тұрақты жұмыс орындар, бұл 52 пайызды құрайды. 954 уақытша жұмыс орындарын ашу көзделген. Бұл бағыттар бойынша қосымша тағы айта кетсек, кәсіпкерлік салады 48 жоба, 651 жұмыс орны, агроөнеркәсіп саласында 67 жоба арқылы 1195 жұмыс орны туризм саласында 158 жұмыс орны ашылу көзделген.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жеке инвестициялық жобалардың тізбесі әзірленген. Ал «10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 22 595 жаңа жұмыс орнын құру межеленіп, жыл басынан бері 3374 орны ашылған. Алайда, өндіріс саласында әлі де мамандар тапшы екенін облыс әкімі шегелеп айтты.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жаңадан ашылған орындарға қажетті мамандарды қамтамасыз ете алмай отырмыз. Жарқын көрінісі- бағанағы айтқан украинецтер бар, мебель саласында бар, БНК жасап жақан жобалары бар. Бірінші кезекте біз қажетті жұмысшы мамандықтарды дайындамуымыз керек.
Қаңтар айынан бері 45 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілген. Нәтижесінде, 937 мекеме бос жұмыс орындарын ұсынып, 1 829 адам жұмысқа орналасқан. Қазірде облыста жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру және еңбек нарығына қажетті білікті кадрлар даярлау бағытында бірқатар шаруалар атқарылып жатыр. 50 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 75 мамандық оқытылса, оның ішінде 43-і жұмысшы мамандығына қатысты 45 530 студент білім алып жүр.