Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты оқушылардың тағы бір легі жазғы спорттық сауықтыру лагеріне аттанды. Еске салайық, Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты 220 оқушының 70-і Арыстық балақайлар. Олар Түлкібас ауданына қарасты Бекзат Саттарханов атындағы лагерінде демалатын болады.

Тұрсынбай Мырзалиев – Жетісай аудандық білім бөлімінің басшысы

-2019 жылғы Жетісай аудандық  бюджетінен 20 млн теңге сонымен қатар кәсіподақтан 2,5 млн теңге қаржы қаралып, бұл қаржыға Түлкібас аудандық Машат шатқалындағы Бекзат Саттарханов атындағы лагерінде 660 баланы демалдыру жоспарланған. 4 ауысымы өтіп, Арыстық 70 баланы демалдыру көзделді.

Жетісай ауданының қаржыландыруымен ұйымдастырылған шараға Арыстық ата-аналар да дән риза. Балаларының 10 күн болса да жазғы демалысын көңілді өткізуі біз үшін қуаныш дейді олар.

Гүлнұр Әлімова  - ата-ана

-Машат лагеріне бала-шағамыз кетіп бара жатыр. Аман-есен күте берейік. Бұларға сәт сапар тілеймін. Мына көмектесіп жатқан елімізге, халқымызға Жетісай ауданына алғысымыз шексіз.

Жалпы, бүгінгі таңда Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты 700-ге жуық  бар. Бұл бір аудан үшін аз көрсеткіш емес. Дегенмен,  жаңадан құрылған ауданда    оқушыларды  жазғы лагерьлерге жіберуде қиындық жоқ.    

Р. Бақытжанқызы