Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс спортының бүгінгі жай-күйін білуге арнайы барды. Бүгінде қалалық спорт мектебінде 800-дей оқушы жаттығады. Мұнда жергілікті өрендер футбол, волейбол, баскетболмен шұғылданады. Жуырда гандбол секциясы жұмысын бастады. Жеткен жетістіктер де аз емес. Арыс қаласының футболшылары облыс бойынша бірінші орынды бермей келеді. Көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанда өткен халықаралық турнирлерде жүлделі орындардан көрінді.
Ерғазы Медетбеков- Арыс қалалық футбол спорт мектебінің директоры
2001-2007 жылға дейінгі 48 оқушымыз облыс құрамасына алынды. Шымкентте 10 баламыз академияда, 35 баламыз Б.Саттарханов атындағы мектеп интернатында. Сонда ойнап жатыр. Ордабасы командасының группа подготовкасы бар сонда ойнайды. Бір оқушымыз Қазақстан құрамасында ойнайды.
Арыс қаласында төтенше жағдай орын алғаннан кейін , мұндағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізілді. Облыс қазынасынан қажетті қаражат бөлініп, стадионда трибуна салынды. Ойын кезінде есепті көрсететін табло орнатылды. Енді мұнда жеңіл атлетикамен де айналысуға болады. Ол үшін жүгіру жолы салынды. Қашықтыққа секіру үшін де мүмкіндік туды. Ал, футбол командасы екінші лигада лайықты ойын көрсетуде.
Ерғазы Медетбеков- Арыс қалалық футбол спорт мектебінің директоры
Арыс қаласы 2-ші лигага команда қойған Арыс деп. Қазіргі таңда 17 команда арасында 3-орында келеміз. Жаман емес.
Бұл команданың ендігі мақсаты: бірінші лигада бақ сынау. Бұған команданың қазіргі қарымы жетерлік. Баскетболдан қыздар командасы да екінші лигада екінші орында келеді. Облыс әкімі теміржолшылар қаласындағы спорт саласына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Н.Кенжехан