Жалпы ұзындығы 2,287 шақырымды құрайтын жол құрылысының бүгінде жер жұмыстары қызу жүруде. Мәселен, суағар каналмен қиылысқан жерінде су өткізгіш құрылысы мен темір-бетонды құбырдың құрылыс-монтаж жұмыстары және жолмен қиылысатын газ, су құбырының кабельдерін қорғау, жер астына ауыстыру жұмыстары атқарылуда. Жолдың сапасына баса мән беруді тапсырған қала басшысы кемшіліктерді алдын-ала анықтап, жою керектігін ескертті. Сонымен қатар, әкім жолдың көлік өтетін бөлігін қыркүйек айына дейін аяқтауды міндеттеді. Жалпы, құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың соңына қарай аяқтау көзделіп отыр.
Перизат Ортай