Балабақшадан тәрбиеленіп шығу – үлкен өмірге бастайтын алғашқы қадам. Шолаққорған ауылында «Айшуақ» балабақшасының бүлдіршіндері тәрбиешілерімен қоштасты. Балғындар мерекелік ертеңгілікке үлкен дайындықпен келген. Би билеп, ән айтып, ата-аналары мен тәлімгерлерін қуантты.

Бала шақтан үлкен болашаққа аттанған жас өрендер ұстаздарына алғысын жаудырды. Ата-аналар да ұжымға өз тілектерін жеткізді.

«Айшуақ» балабақшасы 2016 жылдың қыркүйегінде ашылған. Заманауи талапқа сай салынған балабақшада 280 бүлдіршін тәрбиеленуде. Қазіргі таңда 12 топ жұмыс істейді. Балаларға сәттілік тілеген тәрбиешілер олардың мектепте де үлгілі оқушы болатынына үлкен сенім артады.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА