«Ақжол» ЖШС 2017 жылдан бері қосалқы мердігер ретінде Түркістандағы бірнеше құрылыс жұмыстарына қатысып келген. Жалпы серіктестік қаладағы құрылыс саласында, жол төсеу, темір бетон өндіру, кірпіш шығару бағытында қызмет атқарады. Бұл мекеменің жұмысшыларына жалақы төлей алмауының негізгі себебі құрылыс материалдары құнының өсуімен және бас мердігер компаниялармен байланысты туындаған.
Мекеменің құрылтайшылары орын алған оқиғаға әкімдікті кінәлаған. Себебі атқарған жұмысы үшін қызмет ақысын дер кезінде төлемеген деп айыптайды.
Қала әкімдігінің айтуынша Ақжол компаниясымен тікелей келісім-шар жасаспағанын алдыға тартты. мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз болған Капитал констракшн компаниясына атқарған жұмыстарына сай қаржысын уақытында беріп келеміз,-дейді.
Қаланың бас прокуроры Жаннұр Ахметбек кез келген жұмыс беруші жұмысшылардың еңбекақысын заңмен көзделген мерзімде толық төлеуге міндетті екенін айтты.Себебі заң жүзінде - жұмыс берушінің жалақы төлеуде біреуге сілтеме жасап, жалтаруға құқы жоқ.
Егер жұмыс беруші еңбек ақысын төлеуді үш айдан аса мерзімге созған жағдайда заң жүзінде соттауға да болады. екен.Ол үшін зәбір көргендер прокуратураға шағымдануы керек.
Ақжол компаниясы 752 жұмысшыға үш айға 232 млн 400 мың теңге жалақы төлемеген. Қазір бұл азаматтардың еңбекақысын жылдамдатып төлеу үшін тапсырма берілді. Енді айлық 15 күннің ішінде берілмесе, сот орындаушылары арқылы мәжбүрлеп өндіру шарасы қолданылады.
Брифингте бас мердігер компаниялар арада болған келісімдер жайын тұсіндіріп берді. қала әкімдігі де жұмыс уақытылы орындалса , қаржысын төлеуге дайын екенін жеткізді.
Құзырлы орган өкілдері қызметкерлерінің жалақысын түрлі желеумен бермей отырған Ақжол компаниясында жалақы беру үшін қор жеткілікті деп санайды. Тек орындалып бітпеген жұмыстың ақысын сұрауы ақылға қонымсыз. Және соны желеу етіп барлық мәселені әкімдікке бұра салуы да қисынсыз дейді. Ал жұмысшылардың жалақысы тез арада төленуі крек. Олай болмаса Ақжол компаниясына байланысты әкімшілік іс қозғалуы да мүмкін.