Қош келдің, студент! Ташенев университеті бірінші курс студенттерін сән-салтанатымен қарсы алды. Қанатын кеңге жайып, өңірдің іргелі университеттерінің қатарына енген оқу орнына қабылданғандар қуанышты. Салтанатты жиында студент атанғандарға арнайы билеттер табыс етілді.
Лаура Төребекқызы биология блім беру бағдарламасы бойынша бірінші курсқа қабылданған студентің бірі. Болашақ биолог маманы ҰБТ дан 86 бал жинап осы оқу ордасын таңдаған. Себебі мұнда сапа бар. Әрі студенттің толыққанды білім алуына жағдай жасалған дейді. Ендігі мақсаты оқуды жақсы оқып, қалаған мамандығын игеріп шығу.
Tashenev University сапалы білім, саналы тәрбие беруде өңірдегі ілгері оқу ордасы. Үшінші мегаполистегі жоғары оқу орындарының қатарын толықтырғанына жыл толды. Техникалық базасы толық, үш оқу ғимараты мен екі жатақханасы бар. Қазіргі таңда 2000 студент білім алады.
Айта өтейік, Tashenev University бакалавр бойынша пелогогикалық-техникалық бағыттарда 35 мамандық және 8 сала бойынша магистранттар даярлайды. Оқытушы-профессорлық құрамға да өзгерістер енгізіліп, жаңарту, жасақтау шаралары жүргізілген.