Шымкентте «Google Developer Groups» тақырыбында IT конференция ұйымдастырылды. Айтулы шараға цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов, ІТ компанияларының басшылығы мен студенттер қатысып, жаңадан әзірленген ҰБТ дайындығына арналған   «IU Test » бағдарламасының қызметін таныстырды.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 30-ға жуық ірі ІТ компаниялары жұмысын жүргізуде. Алдағы уақытта ІТ мамандарына бағдар беретін, саланы дамытуға бағытталған Shymkent ІТ hub ашу жоспарланып отыр. Аталған іс-шарада негізгі қатысушылар мен студенттер цифрландырылған бағдарламаларын жиналған қауымның назарына ұсынды. Атқарылған жұмысымен таныстырды.

 Конференцияның басты мақсаты: ақпараттық технологиялар саласында тәжірибе, білім және идеялар алмасу. IT мамандарын әзірлеушілерді, кәсіпкерлерді және мемлекеттік қызметкерлерді біріктіріп, цифрландыру саласына үйрету. Жас мамандар жасанды интеллект, пен  цифрлық трансформация бойынша түсіндірме жүргізіп, дайын бағдарламалардың қызметін атап өтті.

Конференция барысында бүгінде оқу орталықтары үшін жасалған мүмкіндіктер ұсынылды. IT-экспорттық компаниялардың мамандарына деген қажеттілік сондай-ақ бизнесті дамытуға қатысты пайдалы ақпараттар ұсынылды. Елдегі оқу орталықтарында сапалы кадрларды даярлау -  бүгінгінің басты талабы. Шара барысында ірі компаниялардың мамандарға деген талап-тілек, дерек-дәйектер айтылды.