Шымкенттен Петропавл қаласына көмек көлігі аттанды. Гуманитарлық шараға мегаполистің қыз-келіншектері атсалысқан. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің игілікті бастамасы көңіл көншітіп отыр. Көмек көлігіне тиелген жүктің басым бөлігі де осы әйел азаматтарына қажетті бұйымдардан құралған.
Қиалғанға демеу болу – қазақтың болмысына біткен асыл қасиет. Бір елде тұрып, бірінің бірі қолтығынан демеу – дәстүрге айналған. Шымкенттік қыз-келіншектер осы дәстүрді сабақтастырып игі істі қолға алған. Әйел бастаған игілікті іске көпшіліктің алғысы шексіз.
Жүк көлігіне азық-түлік, күнделікті тұрыну тауарлары, гигиеналық құралдар тиелген. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер өздері өндірген су сорғыштар, су құбырларын арнайы әкелген. Эвакуацияланған азаматтарға көрпе-төсек те қарастырылған.
Айтып өтейік, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созу ісі мұнымен шектелмек емес. Шымкенттегі Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ зардап шеккен аймақ түлектеріне арнайы грант бөліп отыр. Сондай-ақ, сапарлап келіп, пана іздегендер үшін 12 қабатты жатақханадан орын беруге дайын.