Мазарат туралы мағлұмат мобильді қосымшада көрсетіледі. Енді кез келген адам арнайы қолданба арқылы зиратта кімнің қайда, қашан жерленгені туралы толық ақпаратты алалады. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы 2022 жылы жерлеу орындарын цифрландыру жұмысын бастаған еді. Шымкентте бұл іс қалай атқарылып жатыр?
Еліміздің 20 облысында жерлеу орындарын цифрландыру жұмысы жүріп жатыр. 2022 жылы қолға алынған іспен ҚМДБ жанындағы «Qamqor-sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы айналысады. Сондай-ақ жергілікті аудан әкімдіктерінен мамандар тағайындалып, зираттарды цифрландыруға атсалысады.
Цифрландыру жұмысы үшінші мегаполисте биыл жылдың басында басталған еді. Шаһарда 100 - ден аса қорым болса, оның 80-і мұсылман зираты. Барлығы 5 аудан әкімдігіне бөлінген. Қазіргі таңда мұсылман жерлеу орындарында цифрландру жұмысы аяқталған.
Шымкенттік мамандар 5 айда 80 зиратты цифрландырып үлгерді. Осылайша, үшінші мегаполис мазараттарды ақпараттандыруда Астанадан кейінгі орында тұр. Ал цифрланыру жұмысымен айналысқандар алғыс хатпен марапатталды.
Аййта өтейік, қайтыс болған азаматтың қай зиратта қашан жерленгені туралы ақпаратты «ArcGis» қосымшасы арқылы біле аласыз.