Бір күнде ондаған оқу орны, жүздеген мүмкіндік. Шымкенттегі Достық үйінде талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Мұнда жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бас қосып, жастарға болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар берді. Талапкерлер өздерін қызықтырған мамандықтармен танысып, оқуға түсу талаптары мен білім беру бағдарламалары туралы толық мәлімет алды.


Жәрмеңкеде талапкерлер оқу орындарының өкілдерімен бетпе-бет кездесіп, қабылдау тәртібі, грант мүмкіндіктері, оқу ақысы мен студенттік өмірге қатысты сауалдарына жауап алды. Әр оқу орны өз артықшылықтарын таныстырып, жастарды қызықтыруға тырысты. Болашағын медицинамен байланыстырғысы келетін Маясар Раушанбекова да өз таңдауын жасап үлгерген.


МАЯСАР РАУШАНБЕКОВА, ТАЛАПКЕР
Мен Қазақстан медецина жоғары колледжін таңдап келдім. Жәрмеңкені құрбымнан естіген едім. Қазір маған колледж туралы мәліметтер берді.


Биылғы жәрмеңкеге қаладағы 8 жоғары оқу орны мен 36 колледж қатысты. Әр білім ордасы талапкерлерге мамандықтар тізімін, мемлекеттік гранттар, қос диплом бағдарламалары, академиялық ұтқырлық, халықаралық тәжірибе және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде кеңінен ақпарат берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың саналы таңдау жасауына жол ашады.


ЖАНСЕРІК ЖҰМАН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Шара  10:00-19:00 арасында жалғасады. Әрбір қатысушы өзін толғандырған сұрақтарына жауап алады. Қала аумағы үлкен.


Шара таңғы сағат оннан кешкі жетіге дейін жалғасты. Осы уақыт ішінде жүздеген талапкер мен олардың ата-анасы кәсіби кеңес алып, бірнеше оқу орнымен қатар танысуға мүмкіндік алды. Бұл – уақытты үнемдеп қана қоймай, мамандықты жан-жақты саралап таңдауға берілген тиімді мүмкіндік.


 БАХАДІР ӘКРӘМШІК, САЙРАМ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біз Сайрам колледжінен келдік. Бізде 5 мамандық бар.


 Мамандықтар жәрмеңкесі - жай ғана таныстыру алаңы емес. Талапкерлердің болашақ кәсібіне алғашқы қадам жасайтын маңызды кездесу. Осындай ашық форматтағы шаралар жастарға өз қабілетін бағалап, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.