Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындарды жеке қабылдап, көкейде жүрген мәселелерін тыңдады. Ашық қабылдауға келген азаматтарды аудан әкімдері мен қалалық басқарма басшылары да қабылдап, сауалдарына жауап берді.
Қабылдауға бір тәуліктің ішінде 150-ден астам тұрғын жүгінді. Олар әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй және жер қатынастары, қаланы абаттандыру, сондай-ақ жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіруге қатысты мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш қолданыстағы заңнама аясында қаралып, тиісті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар жауапты орындаушылар бекітіліп, өтініштердің қаралу мерзімі белгіленді.