Тұрғындардың талап-тілегі тікелей жауапты тұлғалардың назарына ұсынылды. «Ашық әкімдік» кеңсесінде облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек азаматтарды жеке қабылдап, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын талқылады. Кездесу барысында әрбір өтініш назарға алынып, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қабылдауға облыстың аудан-қалаларынан келген тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Солардың бірі – түркістандық кәсіпкер қағаз қалдықтарын қайта өңдеу жобасын жетілдіруге қатысты ұсынысын ортаға салды. Оның айтуынша, бұл бағыт экологияны қорғаумен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ал тағы бір тұрғын қайта өңдеу саласына инвестор тартуға және мемлекеттік қолдау тетіктерін күшейтуге қатысты өтінішін жеткізді. Бұдан бөлек, карьер пайдалану, жерді заңдастыру, инфрақұрылым және кәсіпкерлікке қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Әрбір өтініш бойынша жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар беріліп, заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарларының жеке қабылдауына egov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы немесе Азаматтарды қабылдау орталығы арқылы алдын ала жазылуға болады.