Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік басты назарда. Осыған байланысты полицейлер су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізді. Тәртіп сақшылары Сайрам ауданындағы өзен-көлдер маңында тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, жадынамалар таратты.
Рейд барысында мамандар азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтаудың маңызын түсіндірді. Әсіресе, шомылуға рұқсат етілмеген жерлерге бармауға, су пайдалану талаптарын бұзбауға және кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз су айдындарына жібермеуге шақырды. Полицейлер жазатайым жағдайлардың алдын алу әр азаматтың жауапкершілігі екенін ескертіп, ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге үндеді.