Түркістанның жаңа келбетін айқындайтын жобалар тағы бір сүзгіден өтті. Облыс орталығында инвестициялық және әлеуметтік нысандардың қала сәулетімен қаншалықты үйлесетіні сараланды.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында инвесторлар жаңа жобаларын таныстырды. Олар жүзеге асса, өңірге инвестиция тартылып, туризм қарқын алып, жүздеген жаңа жұмыс орны ашылмақ. Облыс әкімі әрбір жобаның сапасына ерекше мән берілетінін айтып, жаңа ғимараттар Түркістанның тарихи-мәдени болмысын сақтай отырып, қаланың заманауи келбетін толықтыруы қажет екенін жеткізді. Жиын барысында әкім жобаны басшылыққа алып, жұмысты жеделдету жөнінде жауапты басқармаларға тапсырма берді.