28 қарашада доллар курсы 518 теңгеге өсіп кетті. Сағат 11:00-де Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 513,20 теңгеге сатылып, 505,10 теңгеге сатып алынды. Кейбір айырбастаушылар АҚШ валютасын 515 теңгеден сатады. Алматыда америкалық валютаны сату – 512,87 теңге, сатып алу – 507,50 теңге.
Кейбір ақша айырбастау орындарында доллар 516-518 теңге аралығында сатылып жатыр. 27 қарашада Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 505,00 теңгеге сатылып, 500,00 теңгеге сатып алынды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың бағамы сату үшін 504,83 теңге, сатып алу үшін 501,80 теңге болды. Астанадағы ақша айырбастау орындарында еуро 538,72 теңгеден сатылып, 522,94 теңгеден сатып алынды. Алматы айырбастау пункттерінде сату – 538,27 теңге, сатып алу – 531,63 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде 27 қарашада еуро 528,89 теңгеден сатылып, 522,89 теңгеден сатып алынды. Алматы айырбастау пункттерінде сату – 527,13 теңге, сатып алу – 523,09 теңге болды.