Шымкентте қазақша күрестен жасөспірімдер арасында Қазақстан құрамасына іріктеу турнирі өтті. Жас палуандар өз шеберліктерін көрсетіп, ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне таласты. Жас спортшылар түрлі салмақ дәрежесінде шеберліктерін көрсетіп, күш сынасты.
Турнир алдында аталған спорттың дамуына үлес қосқан жасөспірімдер мен бапкерлері марапатталды. Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков пен қалалық қазақ күресі федерациясының Президенті, спорт жанашыры, меценат Балтабай Асанов арнайы құттықтап, сый-сыяпат табыс етті.
55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрасыл Жолшыбек қарсыласымен тең түсіп қала берді. 3 минуттың күрестен соң да, 2-2 болған балуандар белдесу сынында өзара мықтыны анықтады.
Іріктеу турнирі қазақ күресінің танымалдығын арттырып, жас палуандарға өз қабілетін шыңдауға мүмкіндік береді. Ұлттық құрама үшін үздік спортшыларды дайындау өте маңызды. Жас палуандар алдағы халықаралық және республикалық жарыстарда ел намысын қорғайды.
 Шымкентте өткен бұл турнир ұлттық спортты дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болды. Қазақша күрес жасөспірімдердің патриоттық рухын оятып, болашақта еліміздің батырларын тәрбиелеуге негіз болады. Бұл турнир тек спорттық жарыс емес, қазақ руханиятын сақтап, ұлттық дәстүрді дәріптеудің жарқын көрінісі.