Жаңа жыл – отбасылық мереке. Мұндайда ағайын-туыс, дос-жараң үй-үйді аралап, келер жылды бірге қарсы алады. Демек, соған сай мерекелік дастархан жайылып, жаңа жылдық безендірулер жасалады. Арна тілшісі арнайы базарға барып, ондағы мерекелік тауар бағасымен танысып қайтты. Мандариннің келісі, алма талдың жемісі қанша? Саудагерлер астамшылық танытып, базар бағасын өсіріп жіберген жоқ па? Сюжеттен көрейік.
Жаңа жылдың символы – жайнаған жасыл шырша. Оны алғасын әшекей бұйымдарына да қоса шығындану қажет. Сатушының айтуынша, түрлі-түсті безендірулер 200 теңгеден басталып, 2500 теңгеге дейін бағаланады.
АБАЙ БЕКНАЗАРОВ, САТУШЫ
- «Шыршанның бағасы мынадай: мына шыршаның бойы 1,80 см, бағасы 7 мың теңге. Бұның 1,50 см-лік түрі бар, бағасы 5 мың теңге. Ал онан да кішкейтайы қажет болса 1,20 см-лық шарша бағасы 2500 теңге тұрады.»
Дастарханға сән беріп, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын көкөніс бағасы да тұрақты. Дейтұрғанмен, жаңа жыл қарсаңында сұранысы өсетін алма мен мандарин бағасы аздап өскен. Шетелден импортталатын жеміс бағасын мұндайда бақылау қиын.
РАЙКҮЛ МЫРЗАХМЕТОВА, САТУШЫ
– «100 теңге көтеріліп қалды қазірдің өзінде.»– «Алма 250 – ден 500 тг-ге дейін. Қызанақ бағасы 800 – 1000 тг, қияр 1300- 1800- ге дейін, банандар 900-теңгеден.»
Қандай мереке болмасын қазақ қазаны етке, дастарханы қазы-қартаға толы болары анық. Базардағы сиыр етінің бағасы 2800 –ге бағаланса, жылқы еті одан 100 теңгеге арзан. Ал қазының бағасы 3800 теңгеге дейін барады. Ал сүрленген еттің бағасы 3200 теңге.
ЛӘЗЗАТ СИҚЫМБАЕВА, САТУШЫ
- «Магазиндерде ол 3300 болуы мүмкін, ал біздің Алашта ол 2900-ден көтерілген емес. Ең арзан осы біздің «Алашта» ет!»
Базар әкімшілігі, бағалар ұдайы бақылауда ұстаймыз дейді. Мереке қарсаңы деп бей-берекет бағаны өсіріп, құбылтпайтынын, тұтынушы үшін қолайлы баға мен тиімді сауда ұсынуға тырысатынын айтады.
СПИКЕР: НҰРЛАН ӘБДІӘЛИЕВ, БАЗАР ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
– «Бағаны қымбаттанқызбаймыз. Әсіресе әлеуметтік тауарларға жіті мән береміз. Саудагерлер де қарасады.» - 00:22 // 576_3622 //
Сауда алаңы келушілерге толы. Сатушылардың айтуынша, мереке қарсаңында базар белсенділігі артып, жұмыс уақыты да ұзарады.