Шымкент әуежайының жаңа терминалы ашылды. Ауданы 40 мың шаршы метрді құрайтын кешен құрылысына 24 млрд теңге жұмсалған. Барлық шығын «СКАТ» авиа компаниясының есебінен жүргізілген. Мамандар жаңа терминал жолаушылар ағынын арттырып, ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді дейді. Кешен алдағы уақытта 700 адамды жұмыспен қамтымақ.

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Жаңа терминал заманауи талаптарға сай, зәулім, көз тартар сәнді. Ескі әуежай сағатына 200 жолаушыға ғана қызмет көрсетіп келді. Ал бұл нысан 2 мың келушіні қабылдай алады. Жауаптылар, кең жолақты алаң шетел реистерін көбейтіп, әуе қатынастырын кеңейтуге мүмкіндік береді деп отыр.

 Сондай-ақ жаңа аэропортта ұшақтың уақытынан кешігуі, кідіруі сынды жәйттар орын алмайды. Осылай деген жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов: «алда тағы екінші ұшу-қону жолағын салу жоспарда бар. Оны ойдағыдай аяқтар болсақ біздің аэропорт Ташкент, Түркістан, Тараз әуежайларынан да қуатты болмақ», - дейді.

 РОЛАН ИБРАГИМОВ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 – «Иә, егер де біз қазір категориясын көтерсек қуатты болсақ. Яғни, ұшақтар ауа-райының қолайсыздығына байланысты кері қайтпайды.»
 Нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы келіп «СКАТ» компаниясының басшысы Владимир Денисовпен бірге нысан лентасын қиды. Іс-шара шеңберінде терминал ішін аралап, инфрақұрылымымен танысты. Өз сөзінде шаһар басшысы жаңа әуежайдың қала экономикасына қосар үлесі зор екенін айтып, транзиттік әлеуеттік көтеретін тетік екенін айшықтады.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
 – «Жаңа терминал экономикамызға да үлесін қосады, транзиттік әлеуетімізді де көтереді.» – «Бірінші кезеңде «Скат» компаниясы ұшады. Кейіннен «Эйр Астана», «Флай Арыстан» комапанияларын да қосуды жоспарлап отырмыз.»

Жаңа терминалдың қосылуы көрші елдермен, сондай-ақ Франция, Германия, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Мысыр, Оңтүстік корея сынды Еуропа және Азия мемлекеттерімен әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік бермек.