Шымкентте ақын, драматург Иран Ғайыптың «Ғайып-нама» атты төр томдық кітабының таныстырылымы өтті. Бұл күні ақын Дариға Қадыр-Қожақызының «Бұ дүние ғайыбы» атты кітабы да көпшілікке ұсынылды.
 Жиында Ақын Иран-Ғайыптың еңбектері ерекше айтылды. Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі өлшеусіз,-десті. Ақын 947 жылы 7 маусымда Қызылорда облысында туған. Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін, Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген. Әр жылдары «Жазушы» баспасында  редактор, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі, ҚР Білім, мәдениет комитетінің  редакциялық-репертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарды. Алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрді. Ал кезекті туындысының таныстырылымында ақын шығармаларының терең философиялық мәні мен поэтикалық ерекшеліктері талқыланды. «Шымкент-концерт» концерттік ұйымының әртістері өнер көрсетіп, кештің сәнін кіргізді. Ақындардың шығармашылығына шолу жасалып, кітаптардың көрмесі ұсынылды. Тағылымды кештен әдебиетсүйер қауым рухани азық алып, шат-шадман көңіл-күймен тарқасты.