Шымкентте Amanat партиясының кезекті мобильдік қоғамдық қабылдауы өтті. Онда тұрғындардың өтініштері тыңдалып, өзекті мәселелер қаралды.


 Қабылдауға алғашқылардың бірі болып келген қала тұрғыны №30 жалпы орта мектептің маңындағы жолдың жағдайына шағымданды. Білім ұясының артындағы жолды шөп басып кеткен. Киімдерін жыртып, жарақат алып қалуы мүмкін деп уайымдаймыз. Осы мәселені шешіп берулеріңізді сұраймын,- деді тұрғын.


 Бұл сияқты инфрақұрылымға қатысты мәселелер қабылдау барысында жиі көтеріледі. “Аманат” партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов азаматтардың әрбір өтініші назарға алынатынын айтты.


ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, АМАНАТ ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Азаматтардың өтініштері онлайн-портал арқылы тіркеліп, қала әкімінен бастап, депутаттар мен партия фракциясының мүшелері тарапынан қаралады. Бұл тұрғындардың шағымдарын тек тыңдап қана қоймай, олардың нақты шешімін табуға мүмкіндік береді.


Мобильдік қоғамдық қабылдау жыл басынан бері екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы қабылдауда 20-дан астам азаматтың өтініші тыңдалып, олардың 18-інің мәселесі оң шешімін тапқан.