Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) күндерінің өзгергенін хабарлады. Бұл шешім мектептердегі соңғы қоңырау күніне байланысты қабылданды.
Жаңа кестеге сәйкес: 23 мамырға тіркелген талапкерлер енді 25 мамырда тест тапсырады. Ал 24 мамырға тіркелгендер тестілеуге 1 маусымда қатысады. Орталық жаңа тестілеу күндері туралы ақпарат талапкерлердің app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетінде автоматты түрде жаңартылатынын және SMS арқылы қосымша хабарланатынын мәлімдеді