«Қуыршақ» театрында премьера. Өнер иелері драматург Виктор Орловтың «Мейірбан қасқыр» шығармасын сахналады. Жас буынды ата-ананы құрметтеп, отбасы жылулығын сезінуге шақыратын спектакль аншлагпен өтті. Отбасы күнінде шымылдығы түрілген қойылымды арна тілшісі де көріп қайтты.
Қу түлкі мен көкбөрі қасқыр, Шұбар тауықтың алтын жұмыртқасын жымқырып алатын әккі әрекеті жас көрерменді өзіне баурап алды. Оңай олжа мен тез байып кетудің әрекетін ойлағандардың жымысқы тірлігі қасқырға ғана емес, балаларға ұнамсыз көрінгендей.
МАҚПАЛ МАЛДЫБАЕВА, «ҚУЫРШАҚ» ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Еліміздің болашағы осы балалар. Осы бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін қолға алынып отырған. Примьера. Жалпы мұнда тапқырлық, барды бағалау сынды қасиеттер бағаланады.
Отбасының тірегі, үлкен мен кішіге мейірімді қасқырдың қадамы шығарманың мәнін ашқандай. Көңілді қойылым бүлдіршіндерді отбасына, ата-ананың баласына деген сүйіспеншілігін арттыруға негізделген.
САРДАРБЕК МОЛДАБЕКОВ, «ҚУЫРШАҚ» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінгі қойылым екі тілде жүреді. Біз орыс және қазақ тілді балалардың көңілін табуға тырысып бағамыз. Жыл басынан берің қойып жатқан бұл екінші примерамыз. Алда әлі екің примера бар.
Шым-шытырық оқиғаны театр әртістері жоғары деңгейде сомдап шықты. Айтып өтейік, осы пьеса 1981 жылы мультфильм, 1993 жылы көркемсуретті фильм ретінде көрерменге ұсынылған.