Елімізде 6 милионнан астам отбасы бар екен. Айтулы мереке 2013 жылдан бері тойланып келеді. Бүгінде Түркістан облысында «Отбасының бірлігі – отанның бірлігі, ағайынның татулығы – атамекеннің тұтастығы» деп насихаттап жүргендер көп. Солардың бірі Дүйсенбаевтар әулеті. Толығырақ әріптесім Әсел Ерболқызы тарқатады.
«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» дейді дана халқымыз. Дүйсенбаевтар әулеті жарасымды тірліктің арқасында өрелі һәм тәлімді ұрпақ өсіріп отқан әулет. Дүйсенкүл әже құрсағынан шыққан ұл-қыз тәрбиесінде ұтқаным болмаса ұтылғаным жоқ дейді. Жастайынан қара жұмысқа жегілген Қошқарбек ақсақал да еңбоққорлығының арқасында 6 баласын жетілдіріп, 40 немересінің қызығығын көріп отыр.
ҚОШҚАРБЕК ДҮЙСЕНБАЕВ, ЗЕЙНЕТКЕР
Бәріне шыдадық. Бәріне көндік. Өмірді сүйтіп сүрдік. Оңай емес қой өмір сүру деген. Қиыншылықтар да болды, жақсылықтар да болады бәріне төзе білдік қой қысқасы. Соның арқасында осыған жетіп отырмыз. Немерелеріміз бар.
Ата мен әже 44 жыл отасқан. Бірге өткерген саналы ғұмырында талғамы мен таңдауы түрленген балалардың тәліміне аса мән берген. Ұл-қыздары әр саланың білікті мамандары. Егін егіп, қожалықты да меңгереді. Әкемнің айтқан ақылын жадымда сақтап, баларым да сол жолмен жүрсін деп айтып отырамын дейді.
УӘЛИХАН ДҮЙСЕНБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Уалихан біреудің ала жібін аттама деп айтатын. Біреуді алдамау, біреуге өтірік айтпау. Ақшасын алдап жоқ боп кету ол ең жауапкершілігі жоқ адамның тіроігі. Айттың ба істе деп тәрбиеледі. Сөздерінің бәрі әлі күнге дейін миымызда жатталып қалған.
Тегінен нәр алғанның теріс кеткені болып көрген емес. Ұрпақ тәрбиесінің тізгінін босатып алмай келе жатқан Дүйсенкүл әжейде осылай дейді.
ДҮЙСЕНКҮЛ ДҮЙСЕНБАЕВА, ЗЕЙНЕТКЕР
Шалымыз екеуміз еңбекпенен жеттік осы жағдайға Балаларыфмызға да айтып оытрамыз. Тек қана еңбек етіңдер. Шалым айтты ғой, біреудің ақысын жеме. Балдарды тек қана адалдыққа еңбекке тәрбиелеу керек. Баланың айтқан тілін істей беруге болмайды. Эгоист боп қалады.
Халқымыз әкені асқар тауға балаған. Ананың алдын кесіп өтпеген. «Бала бауыр етің»- деп ұрпағына қамқорлықпен қараған. Перзеттерінің бойына жақсылықты сіңірген Дүйсенбаевтардың үміті ақталды бүгінде. Аңыз әулет екені де өтірік емес.