Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады. Ведомства басшысы ізгі тілегін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Халықаралық отбасы күніне орай құттықтау лебізінде министр мерекенің мән-маңызына тоқталып, отбасы құндылығын әспеттеудегі орнын атап өтті.


 Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева елімізде отбасы институтын қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, ана мен бала құқығын қорғау бойынша қолға алынған іс-шараларды тілге тиек етті. “Бүгінде Қазақстанда 6,2 миллионнан астам отбасы өмір сүруде. Мемлекет үшін отбасын қолдау жай ғана басымдық емес, бұл тұрақты дамудың берік негізі. Елімізде ана мен баланы қорғауға ерекше мән беріліп, қауіпсіз әрі лайықты өмір сүруге барлық жағдай жасалуда” делінген жазбада. Сондай-ақ министр қазақстандықтарды Отбасы күніне арналған онлайн-челленджге қатысуға шақырды.