«Жастар» бағдарламасымен жалға берілген үйлер мемлекетке қайтарылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, ресми өкіл Сәрсен Құранбек баспасөз отырысында мәлімдеді.


 Сөзінше, 2019 жылдан бері сатып алу құқығынсыз жалға берілген үйлер мерзімі аяқталған соң мемлекет меншігіне қайта берілуі тиіс. «Бұл – жастарға арзан үй жалдап, бастапқы жарна жинауға мүмкіндік берді. Жобаға 3849 азамат өтінім білдіріп, үй алған. Енді олар әкімдік пен отбасы банк бірлесе ұйымдастырып отырған «Қамқор» бағдарламасына қатыса алады» дейді Сәрсен Абайұлы. Осының шеңберінде жастар алғашқы 10 пайыздық жарнаны төлеу арқылы 8 жылға дейін 20 млн теңге несие рәсімдейді. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5 пайыз. Бүгінде 169 отбасыға бағыт-бағдар беріліп, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ

 – «Жастарға бұрын тек бірінші нарықтан ғана үй алуға мүмкіндік берілетін еді. Енді екінші нарықтан да алуға болады. Тіпті жеке тұрғын үй алуға да мүмкіндік бар.»