Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өңір әкімдіктерімен бірлесіп жазғы сауықтыру лагерлерінің дайындық барысын “Жол картасы” аясында қадағалауға кірісті.


Жоба үш негізгі бағытты қарастырады. Демалыс насындарының санитариялық-техникалық жай-күйін ведомствоаралық комиссиялар тексереді. Қызметкерлер маусым алдындағы, ауысым және маусым соңындағы талаптар бойынша оқытылады. Балалардың тамақтануы, сумен жабдықталуы, медициналық қызметі мен тұру жағдайына бақылау жүргізіледі. Қазіргі таңда әр лагерьге консультациялық көмек көрсету үшін 191 санитар-эпидемиолог маманы бекітілді. Қорытынды алу мақсатында комитетке 29 өтініш түскен. 8 лагерь қорытынды алып, 17 өтініш қаралып жатыр. 4 өтініш дәлелді түрде толық емес құжат пакеті себепті бас тартылды. СЭҚ алған лагерлер тізімі апта сайын ресми сайтта жарияланатын болады.