Ордабасы ауданында әзірге орман және дала өрті дерегі тіркелмеді. Мамандар тілсіз жаудың алдын алу үшін жолдарда және егістік алқаптарда өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмысын жүргізді. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен орманшылар жергілікті жерде түсіндіруді бастады. Мақсат айқын. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Биыл жауын-шашынның аз жауғанына байланысты жасыл желек ерте қурап жатыр. Бұл өрт сөндірушілерді алаңдатады. Себебі мұндай кезде өрт туындау қауіпі арта түседі. Осы орайда тұрғындар тілсіз жауды болдырмаудың бірнеше жолын білуі керек. Ол үшін Ордабасы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары қауіпсіздіктің алдын алу жұмысын жүргізіп жүр.
Түркістан облысында 3,5 миллион гектарға жуық орман қоры бар. Оның 4759 гектары Ордабасы ауданында орналасқан. Мұндағы қауіпсіздікті 13 орманшы қадағалайды. Олар күн жылына Арыс, Боралдай, Бадам өзендері мен Бөген су қоймасының айналасын келетін демалушыларға да түсіндіру жұмысын үздіксіз жүргізіп отырады.
ДӘУЛЕТ ҚҰРМАНАЛИЕВ, «БАДАМ ОРМАН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ» КММ ҚАРАСТЫ ОРДАБАСЫ ОРМАНШЫЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ
ораншы өз айналымдарында үгіт насихаттарын жүргізу, шолу жұмыстарын ұйымдастыру және өрт маусымына қарсы барлық мынау хлопушкаларымыз, өрт қалқаншалары барлығы жаңартылған. Бізде осындай үш бекетіміз бар. Өрт қарауыл мұнарасы дейді. Әрқайсысында үш адамнан қарауылдайтын қызметкерлеріміз бар.
Жалпы аудан аумағында 90 шақырымға жуық жерге өртке қарсы минералды жолақ жүргізілген. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өз аумағында оның талапқа сай болуын, және жол бойындағы шөптердің сарғаймай орылуын қадағалайды.
ЖОМАРТ ҚОСПАНОВ, АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ПОДПОЛКОВНИГІ
Жалпы өрт қауіпсіздік маусымы біткенге дейін тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Және де рейдтік іс-шаралар өкімге сәйкес біздің тарапымыздан жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға ескертетініміз айналаның барлығы орманмен шекаралас елдімекендер жәнеде мына жақтар суармалы жерлер. Олар міндетті түрде қалдық шөптерді ертең өртеу жұмыстарын жүргізеді. Шаруаардар сұранатынымыз тазалық жұмысын өртеуден бұрын алдын ала бізге ескертуі қажет. Және де сақтық шараларын сақтай отыра өртеу қажет. Шөп қалдықтарын өртеу бойынша 3 айыппұл салынды. Үшеуі де өндірілді. Жалпы аудандық маңызы бар бізде айдауды қажет ететін 94 қашырым жер бар. Қазіргі таңда ол айдалып қойды. Ал орман шаруашылығына қарасты 83 шақырым ды құрайды. Оларда толық айдап бітті.
Төтеншеліктер азаматтарға өрт қауіпсіздігін қатаң сақтап, отты кез келген жерде жақпауға, темекінің тұқылын жол бойына тастамауға кеңес береді. Себебі 30-35 градус ыстықта оттың өршуі тез болады. Егер оқыс жағдайдың куәсі болсаңыз 101 немесе 112 нөмірене қоңырау шалып көмек сұраңыз.