Мейірімділік пен шынайылық мансапқа қарамайды. Тек өз кәсібін жүрекпен сүйген адам ғана шыңға жетеді. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз дәл сондай жандардың бірі. Айгүл Қасымованы өз ортасында мейірімді мейірбике деп атайды. Өйткені ол әрбір науқасқа жасалатын отаның сәтті өтуіне бар күш жігерін жұмсайды. Төсекке таңылған адамға жылы шырай танытудың өзі көп қуат береді, дейді тәжірибелі мейірбике.

 Айгүл Қасымова  кезекті операцияға дайындық үстінде. Бауыры ауырып, балтыры сыздаған тағы бір жанға күрделі ота жасалмақ.Ол әрбір іске жауапкершілікпен қарайды. Себебі оның арғы жағында адам тағдыры тұр.


Мейірбике бүгінгі кәсіби мерекесіне қарамай таңнан бері дәрігерлермен бірге үшінші отаға кіріп шықты.Алда әлі бірнешеуі бар.Айгүл кешегі Арыс қаласында болған жарылысты әлі ұмытқан жоқ.Зардап шеккендерді құтқару үшін күн-түн демей жұмыс істеді. Сол еңбегі үшін Президент қолынан марапат алды


 АЙГҮЛ ҚАСЫМОВА, МЕЙІРБИКЕ
/Алғашында өте қорқынышты болды. Әсіресе зардап шеккен азаматтарды көргенде бойдағы үрейді мейрімділік жеңіп кетті. Қаншама жаны қиналған адамды көресің. Бар мақсат солардың дертіне демеу болу. Кейін әріптесім екеумізді ақордаға шақырып, Президент бізге орден тасыбтағанда бәрін ұмыттық.Біздің жұмыс ауыр әриде. Дегенмен операция сәтті аяқталса біз үшін содан артық бақыт жоқ/.

Әріптестері Айгүлді мейірімді періштеге теңейді. Өйткені ол әр науқаспен бірге жаны ауырып, рухани қолдау білдіреді. Операция столына таңылған әрбір адамның оның оңалып кетуіне бар күшін салады. Жүздеген операцияға қатысты. Ең соңғысы әрі ең ауыры ол бүрек алмастыру отасы болған.


ЖАНБОЛАТ ДІЛДӘБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
/Біздің мейірбикелердің алар орны ерекше.Өйткені медицицналық құралдар операцияға сақадай-сай тұруы керек. Көп нәрсе сол дайындыққа байланысты. Дәрігер де бәрі тап-тұйнақтай тұрса отаны да емін-еркін жасайды. Хирур операция жасап кеткенімен бәрін жайғайтын сол мейірбикелер. Мейірбикелердің үлесі зор деп айта аламын/

Бұл жолғы операция да сәтті аяқталды. Науқасқа дер кезінде ота жасалды. Жалпы бүгінде  мейірбике атанудың өзі үлкен мәртебе. Жастар арасында бұл мамандыққа деген қызығушылық басым. Дегенмен білім мен қатар рухы мықты болуы керек, дейді облыстық ауруханадағылар. Өйткені оның арғы жағында адам тағдыры тұр.