Республика бойынша 66 кәсіпорын 1 700-ден астам жұмыскерге 672 млн теңге жалақы берешегімен отыр.
2025 жылғы 1 мамырға қарай мемлекеттік еңбек инспекторлары: 1 891 тексеріс жүргізді. 2 338 еңбек құқық бұзу фактісі анықталды. 15 100-ден астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Қатаң мерзімдер мен шаралардың нәтижесінде 1 300-ге жуық жұмыскердің құқықтары қалпына келтіріліп, оларға 355,3 млн теңге төленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.
• 672 млн ₸ – жалақы бойынша берешек
• 1 283 – орындауға міндетті ұйғарым
• 152 млн ₸ – салынған айыппұл
• 355,3 млн ₸ – қайтарылған жалақы