Елімізде бұрынғы жылдармен салыстырғанда су айдындарында қаза тапқандардың саны өскен. Әсіресе балалар өлімінің күрт өсуі алаңдатады. Жазатайым оқиғалар демалыс күндері жиі орын алады екен. Қауіпсіздік ережелерін елемеу, жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды назардан тыс қалдыру көбінесе қайғылы жағдайға әкеліп жатады. Мәселен Ордабасы ауданында жыл басынан 6 адам мерт болған. Қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өзен-көлдерді аралап, тұрғындаға түсіндірмелік жұмыс жүргізіп жүр.


 Темірлан ауылының екі тұрғыны суға түсіп салқындаймын деп айыппұл арқалады. Арыс өзеніне шомылып жүрген жігіттер белгіленбеген орынды таңдаған. Ордабасы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары оларға шомылу маусымындағы қауіпсіздік жайын түсіндіріп, тыйым салынған жерде суға түскені үшін айыппұл қарастырылғанын айтты.


Су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету төтеншеліктердің басты міндеті. Ауданның климаттық жағдайына байланысты судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды жүргізіліп келеді. Түсіндірмелік жұмысына аудан әкімдігінің өкілдері де ат салысып жүр.


 ҚЫРЫҚБАЙ АДЫРБЕКОВ, ӘКІМДІК АППАРАТЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ

Бүгігніг таңда ТЖ қызметкерлерімен бірлесе халық көп жиналған орындарда, мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Су айдындарында қауіпсздік сақтамау қағидаларын бұзу бойынша ӘҚбК 412 бабына сәйкес штраф салынды. Кеше 3 айыппұл салынды. Жеке тұлғаларға 7 АЕК. Ол 21150 тг. Заңды тұлғаларға 10 АЕК 34500 тг.


 Апат айтып келмейтінін ескерсек, жыл басынан Ордабасы ауданында 6 адам түрлі жағдайда мерт болған. Оның үшеуі кәмелет жасына толмаған балалар. Бірі каналға көлігімен түсіп кетсе, енді бірі балық аулаймын деп суға кеткен.


ЖОМАРТ ҚОСПАНОВ, АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ПОДПОЛКОВНИГІ

Бүгінгі таңға дейін шомылу маусмы басталмай жатып ауданда 6 қайғылы жағдай тіркелді. Соның негізінен бақылайсыз қалған жас балдардың септикке құлап кетуі, есік алдынан өтетін каналдар бар, арнайы арықтарға сондай жерге бақылаусыз балалар түсіп кетіп қайғылы жағдай орын алуда. Және де мынау каналдардың үстінен өткен көліктер жол көлік оқиғасы болып суға түсіп кеткен жағдайлар болып тіркеліп жатыр. Алайда нақты шомылу кезінде ондай қайғылы жағдай тіркелген жоқ.


Ордабасы ауданында Арыс өзеніне, Арыс-Түркістан мен Арыс магистрал каналына, Бөген, Теспе және Бөржар су қоймасына шомылуға тыйым салынған. Айта кетсек, ауданда 14 орында ғана шомылып демалуға болады. Онда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған.