Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер орталық сайлау органдарының Консультативтік платформасы туралы ережеге қол қойды. Бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан екі жыл бұрын Астанада өткен ТМҰ (Түркі мемлекеттері ұйымының) X мерейтойлық саммитінде ұсынған болатын. Түркі мемлекеттер басшылары тарапынан бірауыздан қолдау тауып, 2024 жылдың 6 қарашада қабылданған Бішкек декларациясында көрініс тапты.


Жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және ТМҰ бақылаушы мемлекет – Мажарстанның орталық сайлау органдарының басшылары қатысты. Сондай-ақ 4 беделді халықаралық ұйым – Сайлау органдарының дүниежүзілік қауымдастығы (A-WEB), Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА), Түркі академиясының басшылары, сонымен қатар, ғалымдар, Парламент депутаттары, Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшелері, облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.


Ашық деректерге сәйкес ТМҰ мүше мемлекеттерде 96,5 миллионнан астам сайлаушы бар екенін, соңғы екі жылда осы елдерде түрлі деңгейдегі 15 сайлау өткенін атап өтті. «Мұндай диалог алаңын құру сайлау процестерінің сапасы, тиімділігі мен инклюзивтілігін арттыруға ықпал етеді», – деді Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы


ТМҰ мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының басшылары қол қойған ережеде орталық сайлау органдары арасында жүйелі ынтымақтастық орнату өзара түсіністікті нығайтуға және сайлау процестерінің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні жазылған. Сонымен қатар құжат аталған ұйымға мүше мемлекеттерді сайлау және референдумдар кезінде халықаралық байқау миссияларын ұйымдастыру арқылы көпжақты ынтымақтастық пен үйлестіруді дамытуға ынталандырады.