Биыл Шымкенттегі Орта Азиялық Инновациялық Университетінің академик Мардан Сапарбаев атындағы Институтына 30 жыл. Айтулы датаға орай, оқу орнында әскери парад ұйымдастырылды. Іс-шара Жеңістің 80 жылдығымен орайластырылып, Алғашқы әскери дайындық кафедрасының жылдық жұмысын қорытындылады.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығын тойлау — бейбіт күннің қадірін түсіну. Осылай деген білім ұясының ұжымы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда бүгінгідей шараның маңызы зор деп отыр. Бұл күні 100 шәкірттің әскери дайындығы пысықталды. Париоттық әндер шеруі өтті.
Білім ұсының алғашқы әскери дайындық кафедрасы 1990 жылы ашылған. Мұнда 3 мыңдай шәкірт 2 мамандық бойынша білім алып келеді. Мерейтойға арналған іс-шарада осы студенттер әскери ән шырқап, қатарластарына патриоттық рух сыйлады.
Орта Азиялық Инновациялық Университетінің академик Мардан Сапарбаев атындағы Институтында 16 мыңдай шәкірт білім алады. 4 факультет, 10 кафедрада 500 дей оқытушы-профессорлар жұмыс істейді. Олардың 50 пайызының ғылыми дәрежесі бар.