Бейнебақылау камераларының жұмысы көлік қозғалысын ғана қадағалаумен шектелмейді. Ол сондай-ақ кімнің қашан, қайда қоқыс тастап, қоршаған ортаға қастық жасап жатқанын да күзетеді.


Экологиялық құқықбұзушылықтарды анықтап, олардың алдын алуға көмектеседі. Заманауи технологиялар заңсыз қоқыс тастау орындарын, өндірістік қалдықтарды төгу, ағаштарды кесу, су айдындарын ластау сияқты экологиялық құқық бұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда елімізде шамамен 1,5 миллионға жуық бейнебақылау жүйесі бар. Оның 370 мыңы полиция құзіретіне қосылған.