Енді адам папиллома вирусына қарсы екпе ұл балаларға да салынуы мүмкін. Мұндай бастаманы депутат Асхат Аймағамбетов көтерді. Қатерлі обыр дертінің алдын алуға мүмкіндік беретін бұл вакцина қазір тек 11 жастан асқан қыздарға ата-анасының рұқсатымен салынып жатыр. Енді министрлік аталған ұсынысты қолдай ма? Мамандар нендей пікір айтады? Келесі бейнематериалда толығырақ....


Экс-министрге папиллома вирусына қарсы екпе туралы ата-аналардың өздері өтінішпен шығып жатқан көрінеді. Мәселеге алаң болған депутат телеграм парақшасында мынадай жазба қалдырған:


АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ

Қазір Қазақстанда қыз балалар бұл екпені тегін ала алады. Бұл - өте маңызды әрі мыңдаған өмірді сақтап қалатын шешім. Енді осы тәжірибені кеңейтіп, ұлдарға да өз қалауы бойынша мүмкіндік беруді ұсындық. Қазір бұл вакцинаны дәріханалардан табу қиын. Сондықтан, мемлекет тарапынан оны алу мүмкіндігін жасау - жақсы қадам. Министрлік бұл ұсынысты қолдайды деп сенеміз. Себебі ұлдар да — қауіп тобында. Олардың денсаулығы да назарда болуы тиіс.


Ал, мамандар бұл мәселеге жүрдім-бардым қарауға болмайтынын айтады. Себебі, сүт безі обырынан кейінгі 2-ші орында тұрған осы жатыр мойыны қатерлі ісігі екен. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын елімізде 900-ден аса әйел осы дертке шалдығады. Ал, ол тек жатыр мойыны обыры ғана емес, ер азаматтарда болатын тік ішектің жазылмайтын дертіне шалдықтыруы ықтимал,-дейді.


АЙГҮЛ ТҰРЫМБЕТОВА, САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл адам папиллома вирустары тек қыздардың немесе әйел заттарының жатыр мойынын ғана зақымдап қоймайды. Ол жалпы ағзадағы мұрын, ауыз қуысы, тамақ және жыныс органдарының шырышты қабаттарын зақымдайды. Зақымдай отырып, өзінің ауруын ұзақ мерзімде адамның ағзасына еніп алып, ауру тудырады және обыр ауруын тудырады. Ер азаматтардың да жаман арурларына әкеліп соғуы мүмкін. 06:16


 Қазірдің өзінде 135 ел аталған екпені енгізген. Оның 49-ында қыздардан бөлек, ұлдарға да вакцина салынады. Тіпті Швейцария, Швеция сынды дамыған мемлекеттердің бірқатары бұл дертті жеңген.