Енді Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелегісі келген азаматтар 2 апталық курстан өтіп, сертификат алуға міндеттеледі. Оқу-ағарту министрлігінің 30 сәуірде шыққан бұйрығымен тәлімгерлік оқыту жүйесі енгізілді.


 Оқуды тәлімгерлікпен айналысатын ұйымдар жүргізеді. Алдымен, үміткерлер жазбаша өтініш беріп, қажетті құжаттарды тапсыруы қажет. Курсты тәмамдаған соң тестілеуден өтіп, сәтті тапсырғандар сертификат алуға құқылы болып есептеледі. Айта кетейік, кәмелет жасына толмаған азамат та тәлімгер атана алады. Олар тек 10 жастан асқан балаларды ғана қамқорлығына ала алады. Еске салайық, елде тәлімгерлік институты былтыр енгізілген.