Берденовтің беті бері қарады. Денсаулығының жақсы екенін ол өзінің инстаграмм парақшасында жариялап, жақын күндері ауруханадан шығатынын жеткізді.


 3 аптаға жуық ем қабылдаған қала әкімінің орынбасары еліміздің медицинасы көп ілгерілегеніне, шетелдік клиникалардан еш кем еместігін жазған. Осы орайда, ақ халатты абзал жандарға алғысын білдірген Берденов алаңдаған ағайынға да ризашылығын айтқан. Естеріңізге сала кетейік, Руслан Берденовті 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында әкімдік алдында атып кеткен болатын. Бірнеше жерінен жарақат алған ол ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалды.