Жеңістің 80 жылдығына орай Түркістан облысының Отырар ауданында «Құтты мекен – Көксарай» естелік саябағы ашылды.Ат шаптырым жерді алып жатқан заманауи саябаққа ескерткіш-мемориал тақталар қойылып, айналасы жасыл желекпен көмкерілген.Мәрмар тастарға Көксарай ауылы құрылған жылдадан бастап елге еңбегі сіңген тұлғалар мен соғыс ардагерлерінің өнегіле өмір жолдары жазылған.


Жаңа саябақтың ашылуына көксарай халқы түгел жиналды. Тарихи кешеннің ашылу салтанаты театрландырылға қойылыммен басталды.Елб асына күн туған шақты шағын ғана ауылдан сұрапыл соғысқа қотлына қару алып 350 ден астам азамат аттанған. Соның тең жарымы жат жерде опат болды. Саябақтың ашылу салтанатына аудан әкімі мен мәслихат хатшысы арнайы қатысып, ауыл халқын мерекелерімен құттықтады. Сұрапыл соғыс жылдарынан кейін ауылдың өркендеп өсуіне үлес қосқан бірқатар тыл еңбеккерлерін «Жеңістің 80 жылдығына» орай мерекелік төсбелгісімен марапаттады.


«Құтты мекен–Көксарай» естелік саябағы 12 тарихи мемориалды ескерткіштен тұрады.Дәл ортасында тұғыры биік «Тәуелсіздік монументі» бой түзген.Тарихи кешенді осы ауылдың тумасы белгілі кәсіпкер, меценат, Tolagai-2050 компаниясының құрылтайшысы Оразхан Жанысбеков өз қаржысы есебінен салып берді.


ҚАНАТ НЫШАНОВ «TOLAGAI-2050» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ

Былтырғы жылы Толайғай деп спорт кешенін аштық, биылғы жылы өздеріңіз куә болып отырсыздар «Құтты мекен – Көксарай» атты естелік саябағын ашып отырмыз.Сонымен қатар ауылға келетін үлкен каналдарды жаңғыртып, қайтадан реканструкция жасаумен айналысамыз.Кішкентай ғана ауыл болғанымен үлкен-үлкен осындай шараулар жасап тұрамыз.


Жаңа саябақтағы ескерткіштер мен мемориалдық тақталарға репрессия құрбандары мен соғыс ардагерлері Көксарай ауылынан шыққан белгілі тұлғалардың аты-жөндері жазылған.Кешеннің тағы бір ерекшелігі әр тасқа QR код орнатылған.Сол арқылы тарихқа үңілуге болады.Саябақтағы орындықтарға ұялы телефон қуаттағыш қойылып, Wi-Fi орнатылған.


ҚҰДИЯР БІЛӘЛ,ЖАЛЫН ЖУРНАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ

Соғысқа кетіп қайтпағандарымыз бар, келген азаматтарымыз бар. Репрессияға ұшырағандар бар.Тыл және еңбек ардагерлері бар.Мұғалім,ұстаздарымыз бар.Батыр аналарымыз бар. Әр салаға арнайы тақталар жасалды.1377 адамның тізімі бар мұнда. Әр тақтаның қасына келіп,кюарын алсаңыздар,әр тақтаның мазмұнынан сіздерге ақпарат береді. Бұл келешк ұрпаққа мұра, заманауи саябақ салынды деп есептейміз


Ауыл тұрғандары саябақты аралап,ата-бабаларының аты-жөні жазылған мемориалдық ескерткіш тақтайшаларға гүл шоқтарын қойды.Жалпы тарихи кешен Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жаңа Сайлау жүйесі бойынша сайланған ауылдағы ең жас әкімнің бастамасымен жүзеге асыпты.


 «Ауылына қарап азаматын таны»демекші Көксарайдан шыққан атымтай жомарт азамат ауыл ішіне 5 мың түп тал егіп, жасыл желекке айналдырды.Кәсіпкер енді туған жеріне «Дендросаябақ» салып бермек.