“Қорғау — қауіпті жүргізуші!” бағдарламасы құқық бұзушылықпен күрестегі тиімді құрал. Мәселен Төлеби ауданында учаскелік полиция инспекторлары “Қорғау” жүйесі арқылы мемлекетке 1,3 миллион теңгеден астам берешегі бар азаматты анықтады.


Леңгір қаласы көшелерінің бірінде тоқтатылған Mersedes benz көлігінің иесіне тәртіп сақшылары заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жүргізуші жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бейнебақылау камераларын пайдалану "нөлдік төзімділік" қағидаты бойынша құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге және тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Еске саламыз, Түркістан облысының аумағында жол-көлік оқиғаларын азайту мен жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауға бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.